Атырау ықшамауданында не өртеніп жатыр?

1 қазан күні сағат 18:35-те Атырау қаласы, Атырау ықшамауданындағы көшелердің біріндегі тұрғын үйден түтін шығып жатқаны туралы шақырту түсті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобы мәлім еткендей, құтқарушылар аталған мекенжайдан  2 қабаттан тұратын тұрғын үйдің төбе жабындысының шамамен 100 шаршы метр көлемінде жануын анықтады. Өрт сағат 19:25-те оқшауланып, 19:40-та толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Шақыртуға Атырау облысы ТЖД 11 құтқарушы, 3 бірлік техника жұмылдырылды. 

"Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар!" дейді құтқарушылар.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ