Атырау әуежайында әуе қатынасы қалыпқа келді

Бүгіннен бастап Атырау халықаралық әуежайында (Х. Доспанова атындағы) барлық кешкі және жоспарланған рейстер 16 қаңтарға ауыстырылып, ұшуға дайындалуда. Бұл шешім ұшу-қону жолағындағы жағдай жақсарған соң қабылданды.

Ауа-райының (көктайғақ) әсерінен 15 қаңтар күнгі рейстердің көпшілігі кейінге қалдырылған болатын, алайда әуежай жұмысы қалпына келтіріліп, ұшулардың орындалуына мүмкіндік туды.

 Рейстер өзгертілген бағыттар:

Астана – Атырау – Астана;

Алматы – Атырау;

Атырау – Алматы;

Ақтауға бағытталған халықаралық рейс.

Айта кетейік, әуекомпаниялар жолаушыларға рейстердің мәртебесін ресми сайттардан немесе қосымшалардан алдын ала тексеруді ұсынады.