Атырау әуежайы маңындағы «қыздар» қайда кетті?
Әлеуметтік желіде қала жұртшылығы оларды ұзатылып кетті деп әзілдеп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атыраудағы Х.Доспанова атындағы халықаралық әуежайға апаратын жолдың бойындағы «Арман қала - Атырау» деп жазылған инсталяцияның қос қапталында ұлттық киім киген қыздардың мүсіні көрінбей қалды. Ал әлеуметтік желіде оларды жүк көлігіне тиеп әкетіп бара жатқан видео тарап кетті. Желі қолданушылары «Олар ұзатылып бара жатыр. Бірақ төркініне қайта оралады» деп әзілдеді.
Осы ретте қала әкімінің баспасөз қызметі бұл «ақпаратты растады».
«Жөндеп, қалпына келтіріп, өңін ашып жатыр. Жуырда қайтып орнына қондырады», - деді баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, ұлттық киім киген қыздардың мүсіні 2018 жылы Наурыз мерекесіне орай сахналық безендіру үшін арнайы жасалған. Мұнан соң босқа тұрмас үшін әйуежайға кіре беріс жолдың бойына қойылған. Содан бері түрлі-түсті көйлек киген алты қыздың мүсіні шаһардың шырайын ашып тұр.
Эльмира Мықтыбаева