Атырауда цифрлық инфрақұрылым кеңейіп келеді, деп хабарлайды АтырауPress.
Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.
«Интернетпен қамту деңгейі 99,7%-ға жетті, 155 5G базалық станция орнатылды, 43 ауылға талшықты-оптикалық интернет тартылуда. 15 мың камера Жедел басқару орталығына қосылды, оның 100-ден астамы жасанды интеллектпен жұмыс істейді», – деді әкім.
Айта кетейік, «Alaqan» жүйесі 179 мектепте толық іске қосылып, бюджеттен 725 млн теңге үнемделді.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ