Атырау облыстық әкімдігінің қолдауымен 23-ші қазаннан бастап «Атырау-Таңдай-Атырау» бағытында жолаушылар автобусы жүреді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл жұмыс Махамбет ауданы Таңдай ауылы тұрғындарының ұсынысы негізінде қолға алынған. Бұл туралы Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Нұрбол Жампейсов айтты. Бұл туарлы өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.
Автобус күнделікті Таңдай ауылынан Атырауға , Атыраудан Таңдай ауылына бір рет қатынайды. Тасымалдаушы мекеме – «Қосыбаева» ЖК.
- «Атырау-Таңдай-Атырау» бағытында 26 орындық Hyundai County жолаушылар көлігі тұрғындарға қызмет көрсетпек. Ол Таңдай ауылынан сағат 7:30-да қозғалады. Атыраудан Таңдай ауылына кешкі 18:30 да орталық автобекеттен кері қайтады. Билет құны 500 теңгені құрайды, - деді Нұрбол Жампейсов.
Сәуле МАҒАУ