Қызылорда полицейлері есірткінің аса ірі партиясымен Атырау қаласының тұрғындары болып шыққан екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды AtyrauPress.
ҚР ІІМ ведомстволық Telegram-каналының (Polisia.kz) хабарлауынша, Қызылорда облысы аумағындағы Самара-Шымкент тасжолында патрульдік полиция қызметкерлері «Қарасора» жедел іс-шарасы барысында жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін «Тойота» автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көліктен өсімдік заты бар қап табылды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат салмағы 25,2 келі болатын кептірілген марихуана болып шықты.
43 жастағы жүргізуші мен оның жолаушысы Атырау облысының тұрғындары болып шықты жән бұрын сотты болғандары анықталды. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 296 бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА