Атырау сотында әлеуметтік желілерді қолданып, жалған ақпарат таратқан белсендіге қатысты қылмыстық іс қаралды

Атырау облысы соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот үкімін өзгертуге немесе оның күшін жоюға негіздер болмағандықтан қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырды.

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін туғызатын көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша (ҚК-тің 274-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы)  Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып, бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Іс материалдары бойынша,  былтыр 3 шілдеде Facebook желісіндегі парақшасына "Қазақстан Қарақалпақстандағы митингіні күшпен басу үшін әскер жіберіп жатыр" деп айтылған видео жариялап, оны таратуды сұраған. Осы видео үшін ол шілдеде үйқамаққа алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ,  100 сағаттық қоғамдық жұмыс істеуге, психологиялық-филологиялық сараптама жүргізуге кеткен шығынға  - 80669 теңге және орташа ауыр қылмыс жасағандықтан жәбірленушілердің өтемақы қорына 50 мың теңге ақша өндірілетіні көрсетілген.

Д. 2022 жылғы 03 шілдеде өз пәтерінде болып, "А....С...." атымен тіркелген "Facebook" әлеуметтік қосымшасының көмегімен ұялы телефон арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін туғызатын көрінеу жалған, шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты, Қарақалпақстан Республикасына митингтерді басу үшін Қазақстан әскерлері жіберілгені туралы, әскер жіберілген жағдайда жаппай наразылықтар ұйымдастыруға шақырған бейнероликті таратқан.

Сот үкімімен Д. кінәлі деп танылып, оған 100 сағат мерзімге мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімін өзгертуге немесе оның күшін жоюға негіздер болмағандықтан қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші саты сотының үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды.