Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне жаңа автокөліктер табыс етілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық саласына материалдық-техникалық базасына баса назар аударып,жақсартуды тапсырғаны белгілі. Осы орайда, Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті республикалық бюджет есебінен 132 бірлік автокөлік сатып алды, олар еліміздің барлық аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне бөлінді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, мұнайлы өлкеміз Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 5 жаңа автокөліктер алды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен қоса,жаңа автокөліктер аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына таратылды. Ел игілігі үшін жасалған іске, барша қызметкерлер ерекше алғысын білдіре отырып,салада жоғары жетістіктерге жету үшін бірлесе қызмет атқаратындығын жеткізді.