Атырау қоғамдық көліктен қиындық көріп отырған жоқ — қала әкімі

Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи Caspian news телеарнасына берген сұхбатында осылай деді. Сұхбат сәтінде тұрғындардың бірі Береке ықшамауданы арқылы қатынайтын тағы бір маршрут  қажеттігін айтқан. Шаһар басшысы дәл қазіргі уақытта оған мұқтаждық жоқ деп есептейді.  «Қоғамдық көлікте ешқандай қиындық жоқ. Автобус саны жеткілікті,  жүргізушілердің жалақысы мен,  мемлекет тарапынан төленетін субсидияларда да кідіріс жоқ. Рас, бізде аялдамалар мәселесі бар.Оны шешуге жұмыстанып жатырмыз.  Бүгінде қолданыстағыдан бөлек 50-ге жуық автобус дайын тұр. Егер шынында қажеттілік туындап жатса,  маршрут санын арттыруға болады»  деді қала әкімі