Қала аумағындағы қоғамдық көліктер қатынайтын орталық және ауылішілік көшелерде жиылған қар үйінділерін тазарту және көктайғақтың алдын алу мақсатында жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Қазіргі таңда қаланы қардан тазарту жұмыстарына 131 техника және 300 ден астам қызметкер жұмылдырылды.
Нәтижесінде, 4-10 ақпан аралығында 18000 текше метр қар үйіндісі шығарылып, 218 тонна реагент себілді. Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.
Жергілікті студенттер қар тазалауға атсалысты. «Orta team» командасының ұйымдастыруымен Тутұғыр алаңында өткен «Біздің қала» акциясына қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов және 100 ден астам жас қатысты.
Игі шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның басты мақсаты - қала өміріне белсене атсалысу. Сондай-ақ, сенбілік шарасы барысында тек қана қар қар күреп қана қоймай, өңірдегі жастардың басын қосу.
Айта кетейік, қалалық әкімдіктің қолдауымен жастар қажетті құралдармен жабдықталып, қар жинау үшін арнайы техника да жұмылдырылды.