Ертең шаһар басшысы Мейірім Қалауи Мұнайшы, Ардагер, Береке тұрғындарымен кездеседі
7 ақпан күні сағат 15.00-де №16 көшеде орналасқан №42 орта мектеп ғимаратында қала әкімі Мейірім Қалауи Береке шағынауданы тұрғындарымен кездеседі.
Сондай-ақ, сағат 16.30-де М.Баймұханов көшесі, құрылыс 45/1 мекенжайында орналасқан О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің ғимаратында Мұнайшы және Ардагер шағын аудандары тұрғындарымен кездесу өтпек.
Атырау қаласы әкімінің аппараты