Атырау қаласының әкімі мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Қалалық әкімдікте Мемлекеттік қызметші күніне орай салтанатты жиын өтті.

Шарада Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Өз сөзінде қала әкімі мерекенің мемлекеттік қызметшінің имиджін көтеруге бағытталғанын айтып, мамандар үнемі өз мәртебесіне сай болып, байыпты және кәсіби тұрғыда қалыптасуы тиіс екенін тілге тиек етті. Оған қоса мемлекеттік қызметші болу - үлкен жауапкершілікті жүктейтінін де атап өтті.
Сондай-ақ, жиын барысында шаһар басшысы саланың дамуына сүбелі үлес қосқан әріптестерге Алғыс хат табыстады.