Атырау қаласындағы ескерусіз қалған көшелер қашан асфальтталады?

Қала әкімі Мейірім Қалауи Caspian news телеарнасының тікелей эфирінде сұхбат берді, деп хабарлайды ATPress.kz. Сұхбат сәтінде қала тұрғындарының бірі шаһардағы жолсыз көшелер жайында сұрады.    «Көшемізде тасжол жоқ. Жауынды күндері балаларымызға мектепке бару қиынға соғады. Жол қашан салынады?»  дейді  тұрғын жазбаша сұрағында.  «Жалпы қаламызда 76 көшеге жол салу жоспарланып отыр. Бұл —  бұрын салынбай немесе ескерілмей қалған көшелердің жиынтығы. Осы жоспарымыз жүзеге асса,   жолсыз көше қалмайды» деді қала әкімі.