Бұл туралы AtyrauPress хабарлайды.
Бүгін, яғни 27 қазан күні сағат 24:00-де Сырым Датов көшесі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жабылады. Жолды қайта жаңғырту мақсатында Қабанбай батыр көшесінен Құттығай батыр көшесіне дейінгі аралықта жол қозғалысы тоқтатылады. Жұмыстар жоспар бойынша жүргізілмек.
Атырау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады.