Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылғын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында қала бойынша 27 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Келісім-шарт бойынша биыл қазан айының соңында жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс.
«Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-нің мәлімдеуінше жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп, өз мерзімінде тапсырылады. Бүгінде бір көпқабатты тұрғын үй мерзімінен бұрын тапсырылды. Қалған үйлер жоспар бойынша кезек-кезегімен аяқталады.