Атырау қаласында 100 үй ауласы жаңғыртылып, жарықтандырылады

Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи Caspian news арнасына берген сұхбатында осылай деді. «Қаладағы 100 үй ауласын жаңғыртуды жоспарлап отырмыз. Ол аулаларда жолдар, жаяу жүргіншілер жолдары, ауыстырылады. Балаларға ойын алаңқайы және спорт алаңдары салынады. Соның ішінде жарықтандыру жұмыстары да бар. Ондағы мақсат — қаланың кішкентай тұрғындары, яғни балалардың үй маңында болуына жағдай жасау және азаматтарымыздың тұрғылықты жерін өмір сүруге қолайлы ету» деді әкім.