Жыл басынан бері Атырау қаласының аумағында 70 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 4 адам қаза тауып, 71 адам әр-түрлі дене жарақаттарын алған. Ал, жасөспірімдердің қатысуымен 13 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 13 жасөспірім әр-түрлі дене жарақатын алған
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірқатар жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 270-ке жуық мас жүргізуші анықталып, оларлың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көбінесе жол-көлік оқиғаларының басты себебі жүргізушілердің алколгольдік ішімдік ішкен масаң күйде көлік басқаруы және жол жүрісі ережесін сақтамауы болып отыр. Сол себепті, жүргізушілерден көлікті тізгіндер алдында сақтық шараларын қолданып, жол-жүрісі ережесін қатаң сақтауды сұраймыз!