Атырау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Нұржан Ермұханов тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Нұржан Мақсотұлы 1976 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1998 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін, 2002 жылы Атырау мұнай және газ институтын тәмамдаған. Алғаш еңбек жолын Атырау қаласы №27 мектепте мұғалім болып бастаған Нұржан Ермұханов қала әкімі аппаратында бас маман, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.

  Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи жаңадан тағайындалған орынбасардың қызметіне сәттілік тілеп, бірқатар нақты тапсырмалар берді. Өз кезегінде Нұржан Мақсотұлы артылған сенім үшін алғысын жеткізді.