Атырау қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер бойынша орынбасары болып Серік Нсанбаев тағайындалды, деп хабарлайды ATPress.kz.
Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи жаңадан тағайындалған орынбасарының қызметіне сәттілік тіледі.
Серік Бағытжанұлы Нсанбаев 1980 жылы туған.
Білімі – жоғары. 2003 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін құқықтану мамандығы бойынша тамамдаған.
2003-2008 жылдар аралығында қала әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы лауазымында болған.
2008-2017 жылдары қала әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2017 жылдан бастап күні бүгінге дейін қала әкімі аппаратының басшысы лауазымында болды.