Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына Жұмағалиев Жұмабек Оспанұлы тағайындалды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.


Жұмабек Оспанұлы 1982 жылы туған. 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, 2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін,  2020 жылы Ресей Федерациясы Бүкілресейлік мемлекеттік әділет университетін аяқтаған.  2003 жылдан мемлекеттік қызметте еңбек етуде.


Жұмабек Оспанұлы тағайындалғанға дейін қалалық  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,  жолаушылар көлігі және  автокөлік  жолдары  бөлімі  басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.