Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы тағайындалды

Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы болып Хұсынов Аманбай Шапхатұлы тағайындалды, деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Хұсынов Аманбай Шапхатұлы  1975 жылғы 2 желтоқсан Атырау облысы, Махамбет ауданында дүниеге келген.  Білімі жоғары. 1998 жылы  Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген.
1992 -1994 жылдары - Чапаев атындағы кеңшарда жұмысшы
1998 – 2000 жылдары  - Исатай ауданындағы Аққыстау орта мектебінің, Қызыл үй  орталау  мектебінің мұғалімі
2000 - 2002 жылдары  - Аққыстау орта мектебінің психологы
2002 - 2007 жылдары  -  Аққыстау  орта мектебінің мұғалімі
2007 жылы  - Исатай  аудандық  әдістемелік  кабинетінің әдіскері.
2007 – 2009  жылдары  - Исатай  аудандық  білім  бөлімінің  бастығы
2009 – 2010 жылдары  - Атырау облыстық тарихи - өлкетану мұражайының кіші ғылыми қызметкері
2010 жылы - Атырау  облыстық  мұрағаттар  және  құжаттама басқармасының жетекші  маман міндетін  атқарушы
2010 - 2011 жылдары - Атырау  қалалық  мұрағатының   директоры
2012 – 2013 жылдары - Атырау  мұнай  және  газ  институтының оқытушысы
2013 - 2014 жылдары - Дін басқармасының "Ақпараттық-талдау орталығы" КММ бөлім басшысы
2014 жылы - Атырау  облыстық  білім  саласын бақылау  департаментінің уақытша  жетекші  маман міндетін атқарушы
2014 - 2015 жылдары  -  Атырау  облыстық  білім  саласын бақылау  департаментінің бас маманы
2015 – 2018 жылдары  - Атырау  облысының  білім  саласын бақылау  департаментінің бөлім басшысы
2018 жылы  - Атырау  қалалық  білім  бөлімінің әдіскері, жалпы  білім  беру  секторы  меңгерушісінің  міндетін  уақытша  атқарушы, жалпы  білім  беру  секторының  меңгерушісі.
2018 желтоқсан айынан бастап күні бүгінге дейін Атырау қалалық  білім бөлімі басшысының орынбасары.

Хұсынов Аманбай Шапхатұлы бұл лауазымға мемлекеттік қызметшінің жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін мойындау, оны қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бабында ілгерілетуді көздеген меритократия қағидаты негізінде тағайындалды.