Атырау қалалық №7 емханасында 14 700-ден астам адам вакцина алды

Атырау қалалық №7 емханасында 14 702 адам вакцина алды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Қалалық №7 емхана директорының орынбасары Нұрбахыт Көпжановтың айтуынша,  емханаға қарасты екі вакцина пункті бар. Оның біріншісі емхана ішінде болса, ал екіншісі «Дина» базарында орналасқан.

- Вакцина егу басталғалы бері оның бірінші  компонентін 14 мың 702 адам алған. Екінші компонентін де осынша адам алып отыр.  Ал 5702 адам ревакцинацияланды. Кеше бір күн ішінде 173 адам ревакцинация алды, - деді Н.Копжанов.

Дәрігерлердің айтуына қарағанда,  вакцина алу қарқын алды. Оған қалаға абитуриенттер мен студенттердің көптеп келуі мен демалу мақсатында шетелге шығатындардың көбейуі себеп болып отыр.

Қазір емханада вакцинаның 1671 данасы бар. Тамыз айында тағы да вакцина алынады.