1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында және «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру мақсатында Атырау облысы полиция департаменті мен «Sergek group» компаниясы бірлесіп ерекше акция ұйымдастырды. Акцияның басты мақсаты – балалар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға қоғам назарын аудару болды.
Шара аясында полиция қызметкерлері балалармен кездесіп, оларға жолда жүру қауіпсіздігі, қоғамдық орындардағы тәртіп туралы сұрақтар қойды. Балалар белсенділік танытып, қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін ортаға салды. Дұрыс әрі тапқыр жауап берген балақайларға арнайы сыйлықтар табыс етіліп, олардың мерекелік көңіл күйі көтерілді.
Заң мен тәртіпке бейімделудің маңыздылығын түсіндірген тәртіп сақшылары балаларға құқықтық мәдениетті ерте жастан қалыптастыру олардың болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті.