Атырау перзентханасында тағы не болған?

31 желтоқсан сағат 9.00-24.00 аралығында перинаталдық орталықта дүние есігін ашқан 30 сәбидің 14-і қыз, 16-сы ұл бала, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ал 1 қаңтар күні 00.00-16.00 арлығында орталықта 5 сәби өмірге келсе, олардың 4-і ұл, 1-і қыз бала. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. Сондай-ақ желтоқсанның 31-і күні сағат 15.20-да Атырау қаласында егіздер дүниеге келді. 

Аудандар бойынша 1-қаңтарда Индер мен Құрманғазыда бір-бір сәбиден өмірге келген. 

Қазіргі таңда балалардың жағдайы жақсы, дәрігерлердің бақылауында.

Жаңа жыл қарсаңында облыс бойынша 52 бригада, қалада 32 бригада, 104 фельдшер мен 52 жүргізуші тәулік бойы медициналық қызмет көрсетті.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ