Атырау орталығында жол қозғалысы шектелмек

Қ.Сәтпаев даңғылында жол құрылысына байланысты қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

2025 жылғы 1 маусымнан бастап Қ.Сәтпаев даңғылының Құрманғазы көшесіндегі жол көпірінен бастап Ерниязов көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін пайдалануға беріледі, ал Ерниязов көшесі мен И.Тайманұлы даңғылы аралығының бір жақ бағыттағы қозғалысы жабылады. Бұл жол учаскесінде жол құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

"Сақ болыңыздар! Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыздар" делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 1 маусымнан бастап, Азаттық даңғылының М. Әуезов және Ө. Атамбаев көшелері аралығы орташа жөндеу жұмыстарына байланысты толығымен жабылады.

Осыған байланысты көрсетілген аралықпен жүретін қоғамдық көлік маршруттарының қозғалыс бағыты уақытша өзгереді.

Амандық АБДОЛ