«Атырау-Орал» тасжолынан Индерборға кірме жол жөнделуде

«Атырау-Орал» республикалық тас жолынан Индербор кентіне кірме жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ұзындығы 7 шақырымды құрайтын кірме жолға асфальт жабындысы төселіп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. Тапсырыс беруші – облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Жөндеу жұмыстарына 8 арнайы техника мен 20 адам жұмылдырылды. Жұмыс барысында су өткізу тұрбалары мен мал өткелдерін салу қарастырылған.

Аталған жұмыстар жоспар бойынша қараша айында толығымен аяқталып, пайдалануға берілмек.