15 мамыр сағат 01:30-да Жайық өзенінің деңгейі жоғарылауынан республикалық маңызы бар А-28 «Атырау – Орал» тас жолын су басты, жолдың 56 шақырымындағы қозғалыс автокөліктің барлық түрі үшін уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Махамбет ауылы мен Орал қаласына қатынайтын автокөліктер үшін облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» тас жолынан Ортақшыл ауылындағы көпір арқылы «Атырау – Орал» тас жолына қатынайтын балама жол бар.
Қазір тас жолды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Фото: ru.freepik.com