Атырау-Орал бағытындағы ұшаққа не болған?

Атырау-Орал бағытындағы ұшақ рейсі кейінгі шегерілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр.

«Орал халықаралық әуежайы» мекемесінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, қазірге дейін бес рейстің үшеуі орындалмаған. Желдің жылдамдығы секундына 17 метрге дейін барады. Сондықтан Атыраудан ұшуы тиіс ұшақ кейінге қалдырылған.

«Майндағы Франфурт-Астана-Орал рейсі кеше де, бүгін де іске аспады. Оны "Air Astana" әуе компаниясы орындауы тиіс болатын. Сол сияқты, Астана-Орал рейсіне қатысты да әзірге нақты ақпарат жоқ. Себебі, Елордада да желдің екпіні қатты. Тіпті, Алматыда да сондай жағдай. Ол жақтан жоспарланған қос рейс те уақытынан кешігуде» деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото-иллюстратив: ru.freepik.com