Атырау облысының қаржы басқармасына басшы тағайындалды

Бүгін Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық қаржы басқармасы басшысының лауазымына Мұқасов Мейіржан Жолдасұлы тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мейіржан Мұқасов Атырау аграрлы-техникалық колледжінің «Жерге орналастыру» мамандығын, Атырау мұнай және газ университетінің «Жерге орналастыру» мамандығын, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Құқық» мамандығын, Мәскеу экономикалық университетінің «Экономика» мамандығын тәмәмдаған.

Еңбек өтілі:

07.2013-06.2015 жылдар аралығында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің маманы;

06.2015-08.2015 жылдар аралығында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бас маманның міндетін атқарушы;

08.2015-08.2016 жылдар аралығында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік  жолдары бөлімінің тұрғындармен қарым-қатынасты үйлестіру секторының бас  маманы;

08.2016-04.2018 жылдар аралығында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің тұрғын үй секторында бас маман;

05.2018-06.2018 жылдар аралығында «УК СЭЗ «НИНТ» АҚ-да менеджер;

10.2018-12.2018 жылдар аралығында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің мемлекеттік сатып алу және жоспарлау секторы меңгерушісінің міндетін атқарушы;

12.2018-11.2019 жылдар аралығында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің  мемлекеттік сатып алу және жоспарлау секторының басшысы;

11.2019-06.2020 жылдар аралығында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары;

06.2020 жылдан бастап қалалық қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.