Бүгін Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының лауазымына Сүйеуова Гүлнұр Жалғасқызы тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Гүлнұр Сүйеуова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің химия және биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі:
08.1997 – 08.1998 жылдар аралығында Индер ауданы Есбол ауылы Жамбыл атындағы орта мектепте мұғалім;
09.1998 – 11.1999 жылдар аралығында Ақтау қаласы №17 орта мектепте мұғалім;
04.2000 – 09.2001 жылдар аралығында Индер ауданы Индербор кенті М.Әуезов атындағы орта мектепте мұғалім;
09.2001 – 12.2003 жылдар аралығында Индер ауданы Индербор кенті М.Әуезов атындағы орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
12.2003 – 02.2004 жылдар аралығында Индер аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде уақытша бас маман;
02.2004 - 01.2005 жылдар аралығында Индер аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде бас маман;
01.2005 – 10.2008 жылдар аралығында Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бас маман;
10.2008 – 02.2009 жылдар аралығында Индер аудандық ішкі саясат бөлімінде бөлім басшысы;
02.2009 – 11.2010 жылдар аралығында Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бөлім басшысы;
11.2010 – 06.2011 жылдар аралығында Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бөлім бастығының орынбасары;
06.2011 – 05.2012 жылдар аралығында Индер ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрмен жұмыс және мемлекеттік құқық бөлімінде бөлім меңгерушісі;
05.2012 – 10.2013 жылдар аралығында Индер ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінде бөлім меңгерушісі;
10.2013 – 09.2017 жылдар аралығында Индер ауданы әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды басқару бөлімінде бөлім басшысы;
09.2017 – 04.2021 жылдар аралығында Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы;
04.2021 жылдан бастап Индер ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.