Бұл туралы AtyrauPress "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
7 ақпан сағат түнгі 00:00 шамасында "Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы" республикалық трассасының айналма жолының 714 шақырымында (Жанбай кентінің жанында) автовоз қар құрсауында қалып, жолдың жүру бөлігін жауып тастады. Бұл ондаған жүк және жеңіл машиналардың кептелісіне әкелді.
Атырау облысының жолшылары жедел көмек көрсетті. Жолшылар біріншіден арнайы техниканың көмегімен автовоз көлігін қар құрсауынан шығарып алды. Содан кейін, Сазанқұрақ кен орнына дейін 60-тан астам машинадан тұратын колоннаны бірнеше қар тазалайтын арнайы техниканың көмегімен сүйемелдеді. Қар құрсауынан шығарылғандардың қатарында шетел азаматтары да болды" делінген хабарламада.