Атырау облысының жаңа прокуроры тағайындалды

Атырау облысының жаңа прокуроры тағайындалды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Облыс прокуроры болып Бауыржан Альбертұлы Жұмақанов тағайындалды.

Ол еңбек жолын 2001 жылы Ақтөбе облысының құқықтық статистика органдарында бастаған.

Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының орынбасары, прокуроры, арнайы прокурорлар қызметінің аса маңызды қылмыстық істерді тергеу басқармасы Бас прокурорының көмекшісі қызметтерін атқарды.

Осы тағайындауға дейін Атырау облысы прокурорының орынбасары болды.

Сыныптық шені-аға әділет кеңесшісі.

Прокуратура органдарында 20 жылдан астам уақыт болды.