Бұл туралы Исатай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ауыл тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында Исатай ауданының орталығынан көпфункционалды спорт алаңының құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Жұмыстар шілде айында басталған. Қазір тротуар төсеу 96%-ке, асфальтқа арналған топырақ төсеу жұмысы 93%-ке аяқталып отыр. Алаңды жыл аяғына дейін халық игілігіне беру жоспарланған.
Спорт алаңы шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңдарымен және Workout, жүгіруге арналған жолақтармен қамтылып, жасыл желектер отырғызылады. Бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін аталған алаң аққыстаулықтар мен аудан қонақтары үшін жайлы демалыс орнына айналмақ.
Айта кетейік, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның 100 жылдық мерейтойына орай мұнайшылардың аудан тұрғындарына тарту ретінде салынып жатқан алаң құрылысының мердігері «СМК Атамекен» ЖШС.