Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов референдумда дауыс берді

Аймақ басшысы Н.Тлендиев атындағы Кіші өнер академиясында орналасқан №8 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. "Бүгінгі күн ұрпақ алдындағы парызымызды өтеп жатырмыз. Бүгін қандай іргетас қалаймыз, бүкіл ел тағдыры әрі қарай солай қалыптасады", - деді С.Шәпкенов. 

Атырау облысында 261 референдум учаскесі бар. Олардың 11-і ауруханалар, және әскери бөлімшелердегі сайлау учаскелері мен т.б. жерлерде орналасқан. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған еді.