Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов айлық жалақысының қанша екенін айтты, деп хабарлайды ATPress.kz.
Бұл туралы Серік Шәпкенов «Атамекен» арнасының тілшісімен болған галстуксыз кездесуінде мәлімдеді.
- Қазіргі уақытта 1 млн. 600 мың теңге жалақы алдым. Айдың бір аптасында бұрынғы қызметте болғанымды есептесек, еңбекақымның жалпы көлемі бұдан да жоғары деуге болады. Ал, министр кездегі табысым 1 млн. 600 мың теңге болды, - деді Серік Шәпкенов.