Атырау облысының әкімі әлеуметтік желілерде жеке парақшасын ашты

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Facebook, Instagram әлеуметтік желісінде халықпен кері байланыс орнату үшін жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.  ⁃ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындалып, жұмысқа кірістім. Осы уақыт ішінде тілеулестік танытып, сәттілік сәлемін жолдаған жандарға рақметімді айтамын. Жұртпен қарым-қатынас орнатып, халықпен кері байланысты арттыру үшін әлеуметтік желілерде жеке парақшамды ашуды жөн санадым. Ендігі ретте осы платформа арқылы маңызды дүниелермен бөлісіп отырамын және облысымызды өркендету жолындағы ұсыныс-пікірлеріңізге ашықпын, деді  С.Шәпкенов алғашқы жазбасында  Облыс басшысы Атырау - экономикалық потенциалы жоғары өлке екендігін атап өтіп, өңірдің ел дамуы үшін маңызы зор екеніне тоқталып өтті.    ⁃ Маған облыстың тыныс-тіршілігі таныс. Бұған дейін сіздермен бірге бірнеше жыл Атыраудың дамуы жолында жұмыс істедім. Алдағы уақытта облысты жаңғырту жолындағы жұмыстарды жалғастыруда білімім мен тәжірибемді, күш-қуатымды жұмсауға дайынмын, - делінген жазбада. https://www.facebook.com/profile.php?id=100080333530968  https://www.instagram.com/invites/contact/?i=8e73xuy7lk1s&utm_content=oa1ipfr