Атырау облысының өңірлік өнімі 14,1 трлн теңгені құрады

Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Астанада қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress.

Облыс басшысы өңірдің макроэкономикалық көрсеткіштері жайлы айтып өтті.  

2022 жылы жалпы өңірлік өнім 14,1 трлн теңгені, нақты көлем индексі 101,6%-ды құрады. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі облыс экономикасының үлесі 13,7%-ды құрап отыр. Ал жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім – 20,5 млн теңге.

Жыл басынан бері салықтық және басқа да міндетті түсімдер 2,6 трлн теңгені құрады. Оның ішінде мемлекеттік бюджетке 1,0 трлн теңге көлемінде, Ұлттық қорға 1,6 трлн теңге аударылды.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА