Серік Шәпкенов қасиетті айдың келуімен құттықтап, игі тілегін жолдады

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Ардақты ағайын! Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Ораза – кеңпейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен жанашырлықтың жарқын мейрамы, бірлік пен бейбітшілікті одан әрі нығайта түседі. Осы күндері имандылық пен жақсы қасиет қана салтанат құрып, қайырымдылық пен парасат жүректі нұрландырады. Әлбетте, ең әуелгі кезекте, мұқтаж жандарға қол ұшын беру маңызды, бұдан басқа тағылымды сөз бен тәрбиелік мәні зор өнегелі іс өрнек салады. Ораза жан тазалығына төзімділік пен ізгілік арқылы апарады, сөйтіп қоғамдағы тұрақтылық пен жасампаздыққа жол ашады. Елімізде және әрбір жанұяда ырыс пен ынтымақ жарасым тауып, қасиетті Отанымыз өркен жайсын. Қасиетті мереке отбасыларыңызға амандық пен құт-береке сыйласын, барлық дұға-ниетіңіз қабыл болсын!" делінген құттықтауда.