Атырау облысының әкімі Конституция күнімен құттықтауды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Конституция күнімен құттықтауды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Құрметті жерлестер! Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап көрсеткендей, «Конституция – мемлекеттілігіміздің мызғымастығын қамтамасыз ететінмаңызды құжат. Әділдік пен заңныңүстемдігін оның әрбір тармағынмүлтіксіз орындау арқылы ғана қамтамасыз ете аламыз».

Негізгі Заңның бұлжымас құндылығы уақыт керуенінде барған сайын жарқырай түсуде, жаңартылған Конституция мемлекеттік егемендіктібекітіп қана қоймай, сонымен біргеелдің үдемелі дамуы үшін нақты бағдарларды тарих аренасына шығарды.

Нық сеніммен айтуға болады, бізбірлескен күш-жігермен қоғамдық тұрақтылықты нығайтып, экономиканы дамыту және облыс халқының әл-ауқатын арттыру жөніндегі міндеттерді тиімді де түбегейлі шешеміз.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болса ғана, Қазақстан қуатты мемлекетке айналады.

Отанымыз бен отбасымыздың гүлденуі жолындағы еңбегіміз әрқашан табысты да жемісті бола берсін.

Баршаңызға зор денсаулық, әр шаңыраққа бақыт пен амандық тілеймін!" делінген құттықтауда.