Атырау облысының әкімі Қызылқоғаға барады

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов 18 қазанда Қызылқоға ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Сағат 11:00 – Арман мәдениет үйінде Миялы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтеді. Сағат 12:30 — азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау. Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Қызылқоға ауданы әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі. Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі: 8(71238) 2-11-99.