Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов 28 қазанда Индер ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Сағат 11:00 – Индер мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездеседі. Сағат 12:30 — азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау. Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Индер ауданы әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі. Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі: 8 (71234) 2-03-85.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ