Атырау облысының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Атырау облысының бұрынғы әкімі Махамбет Досмұхамбетов "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Petrocouncil.kz мәлім етті. Айта кетейік, Махамбет Жолдасқалиұлы бір кездері "Ембімұнайгаз" АҚ басқарды, ҚМГ басқарма төрағасының ірі жобалар бойынша орынбасары, Энергетика министрінің бірінші орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. Ал, соңғы қызметі – «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-нің бас директорының орынбасары.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: Petrocouncil.kz