Атырау облысындағы ең шалғай шекаралық ауыл тұрғындары референдумда дауыс берді

Атырау облысындағы ең шалғай орналасқан елді мекеннің бірі — Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылдық округіне қарасты Жалғызапан ауылының тұрғындары референдумға қатысып, таңдау жасады. 

Бұл ауылдағы  №200 референдум учаскесі —  өңірдегі ең шалғай әрі шекаралық учаскелердің бірі. Елді мекен мемлекеттік шекараға жақын жерде,  облыс орталығынан шамамен 600 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жердің шалғай, логистиканың күрделі болуына қарамастан, дауыс беру ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Тұрғындар белсенділік танытып, өздерінің азаматтық ұстанымын  білдіруде.

Жалғызапан ауылында 399 адам тұрады, оның 220-сы —сайлаушы. Учаскеде толыққанды жағдай жасалған, дауыс беру процесі жайлы жұмыс жағдайында жүріп жатыр.

Осылайша, өңірдің түкпір-түкпірінде — Атырау облысының орталығынан бастап ең шалғай шекаралық ауылдардың тұрғындарына дейін референдумға қатысуда.