Атырау облысындағы Қызылқоға және Индер ауданының орталығын қар суы басқан. 4 күн ішінде Миялы елді мекенінен 750 текше метр, ал Жарсуат ауылынан 2000 текше метрге жуық, сондай-ақ, Индерден 500 тоннадай су сорылған.
Қазір мамандар әкімдікпен бірігіп, күн-түн демей ауысыммен жұмыс істеп жатқаны белгілі болды. Жауаптылардың айтуынша, тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарға зиян келмеген. Ал жергілікті билік өңірде жағдай тұрақты екенін, елді мекендерді су басу қаупі жоқ екенін айтты.