Атырау облысында жоғалған тұрғын табылды

Мақат ауданында жоғалған адам табылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

2024 жылдың 17 наурызында сағат 02:56-да 1984 жылы туылған азамат Е.А-ның 16 наурыз күні сағат 06:00-де "Уаз" автокөлігімен "Аязби" қыстағына қарай мал іздеуге шығып, қайта оралмағаны туралы хабарлама түсті. Сағат 03:30-дан бастап Мақат ауданының №8 өрт сөндіру бөлімінің күш-құралдары мен туыстары "Аязби" қыстағына қарай (Мақат кентінен 60 шақырым жерде) іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты. Алайда, жоғалған адам "Аязби" қыстағынан табылған жоқ.

Құтқарушылар дереу Қызылқоға ауданына қарай іздестіру жұмыстарын жалғастырды. Үздіксіз іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, 17 наурызда сағат 07:45-те жоғалған адам Мақат ауылынан 80 шақырым жерде "Алабие" қыстағынан табылды. Жоғалған азаматтың жылқы малын "УАЗ" автокөлігіне тиеп келе жатырғанда, батпақты жерге батып қалғаны анықталды. Жағдайы тұрақты, медициналық көмек қажет етпеді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы және туысқандарынан 4 адам, 1 бірлік техника жұмылдырылды.