17 мамыр, сәрсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында дерлік ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Соған сәйкес қатты жел, жаңбыр және найзағай болуы мүмкін, - деп хабарлайды AtyrauPress.
17 мамырда Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 метрге жетеді. Атырау қаласында ертең күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз екпіні 15-18 метрге жетеді.