2 маусымда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Құлсары қаласынан 20 км шақырым жердегі Жем өзенінің жайылмасынан 1988 жылы туған азаматтың денесін судан шығарды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы департаменттің Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті. Еске сала кетсек, біз бұған дейін ТЖД қызметкерлері су батып кеткен азаматты іздеуді бастап кеткенін жазған болатынбыз. Куәгерлердің айтуынша, марқұм 2 маусымда достарымен балық аулау кезінде суға батып кеткен. Осыған байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: иллюстратив