Атырау облысында – жаңа прокурор

Мемлекет басшысының өкімімен Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Президенттің келісімі бойынша Бас Прокурордың бұйрықтарымен:

➢ Батыс Қазақстан облысының прокуроры – аға әділет кеңесшісі Ұласбекұлы Нұрбек.

➢ Маңғыстау облысының прокуроры – аға әділет кеңесшісі Құшалиев Серікқали Жанбыбекұлы тағайындалды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының келісімі бойынша бірқатар аумақтық прокурорлардың ротациясы жүргізілді:

➢ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры – Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы;

➢ Бас көлік прокуроры – Жүйріктаев Берік Қуанышбекұлы;

➢ Атырау облысының прокуроры – Басшыбаев Мадияр Бекенұлы;

➢ Жамбыл облысының прокуроры – Әбілов Берік Рақатұлы;

➢ Жетісу облысының прокуроры – Жұмақанов Бауыржан Альбертұлы;

➢ Қостанай облысының прокуроры – Сексембаев Марат Исламханұлы;

➢ Павлодар облысының прокуроры – Байшолақов Алмат Мұратұлы;

➢ Шығыс Қазақстан облысының прокуроры – Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы.

Фото: КазНУ им. аль-Фараби