Атырау облысында жүкті әйел аурухана төсегінде көз жұмды

Әйел ЖРВИ диагнозымен  аудандық ауруханаға түскен. Марқұмның артында  бір жасар ұлы қалды, деп хабарлайды AtyrauPress  тілшісі.

Махамбет ауданының тұрғыны жүктіліктің 36 аптасында денсаулығына байланысты жергілікті ауруханаға жүгінген.  Аяғы ауыр әйел 5 желтоқсанда ЖРВИ белгілерімен медициналық мекемеге түскен. Дәрігерлер оған «жедел фарингит» диагнозын қойды. Алайда науқас келесі күні қайтыс болған.

«Махамбет ауданында 6 желтоқсанда 29 жастағы жүкті әйелдің өлімі тіркелді. Қазір оның қайтыс болу себептері анықталып жатыр. Толыққанды ақпарат сараптама жасалып болған соң белгілі болады», деп жауап берді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Осы жайтқа байланысты Махамбет ауданының полициясы ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлігі «Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы» бойынша іс қозғады.

Эльмира Мықтыбаева

Фото. freepik.com