Атырау облысында төрт ауылға жаңа тракторлар алынды

Исатай ауданының ауылдарына су жаңа төрт трактор табысталды, деп хабарлайды AtyrauPress Исатай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Ауылдық округтердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, күзгі-қысқы кезеңге дайындық және қар күреу жұмыстары үшін аудан әкімдігі арқылы 4 жаңа тракторы тіркемесімен бірге сатып алынды. Жүк көтергіші және қар күреуге арналған қосымша жалғамасы бар», - делінген баспасөз хабарламасында.

Жаңа тракторлар Зинеден, Исатай, Нарын және Жанбай ауылдық округтеріне берілді. 

Айта кетейік, дәл осындай трактор өткен жылы Тұщықұдық ауылына да сатып алынған еді. Ал Аққыстау және Х.Ерғалиев ауылдарындағы осындай техника күрделі жөндеуден өтіп, жаңартылды. 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА